Categories Жайық news

Италияда Қысқы Олимпиада басталды: Қазақстан туын кімдер ұстап шықты?

Италияда XXV Қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шара бірнеше қалада қатар ұйымдастырылып, ел намысын қорғайтын спортшылар шеруге шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Миланда өткен ұлттар парадында Қазақстанның көк байрағын шорт-трек шебері Денис Никиша алып жүрді. Ал Ливиньо коммунасында бұл мәртебелі міндет фристайл-могулдан сынға түсетін Аяулым Әміреноваға жүктелді.

Айтулы спорт додасы 6-22 ақпан аралығында жалғасады. Биылғы Олимпиадада Қазақстан құрамасы сапынан 36 спортшы (18 ер адам және 18 әйел) спорттың 10 түрінен бақ сынайды.

Фото: ҰОК

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…