Categories Әлем

АҚШ пен Иран 19 маусымда Швейцарияда бейбіт келісімге қол қояды

Сурет: Анадолы

АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісімге қол қою рәсімі 19 маусымда Швейцарияда өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы екі ел арасындағы келіссөздерде делдал болып отырған Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф мәлімдеді. Ақпаратты АҚШ президенті Дональд Трамп та растады.

Шахбаз Шариф делдалдық көрсеткен Қатарға, сондай-ақ Сауд Арабиясы мен Түркияға алғыс айтты. Ол келісімге қол жеткізілген соң делдалдар осы аптада бірқатар кездесулер ұйымдастыратынын айтты.

Келісімді іске асыру алдындағы бұл талқылаулар техникалық келіссөздер мен ресми қол қою рәсіміне негіз болады, – деді Шариф.

Дональд Трамп Truth Social желісінде Иранмен бейбіт келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді. Ол Ормуз бұғазындағы АҚШ әскери-теңіз күштерінің блокадасын алып тастау туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

АҚШ вице-президенті Джеймс Дэвид Вэнс келісімге Женевада қол қою рәсіміне қатысуды жоспарлап отыр. Оның айтуынша, Дональд Трамптың өзі де келуі мүмкін.

Шахбаз Шариф келісім туралы мәлімдемесінде екі тарап барлық майданда, соның ішінде Ливанда да әскери іс-қимылдарды дереу және түпкілікті тоқтататынын айтты. Келісімнің Ливанға да таралуы Иран үшін маңызды шарттардың бірі болған.

14 маусымда Израиль Бейруттағы «Хезболла» бақылауындағы аудандарға әуе соққыларын жасады. Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды «маңызды күні» шабуыл жасағаны үшін сынға алды.

Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади АҚШ-пен уағдаластықтарға қол қойылатынын растады. Оның айтуынша, тараптар алдымен «өзара түсіністік туралы меморандумға» қол қояды, содан кейін 60 күн бойы түпкілікті бейбіт келісімге қол жеткізу жөніндегі келіссөздер жүргізіледі.

Ұқсас жазбалар

Германияда аурухана өрті: екі адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды

Германиядағы аурухана өртінен екі адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды. Өрт радиология бөлімшесінің шатырында…

Қырғызстанның экс-қауіпсіздік басшысы 4 жылға сотталды

Қырғызстанның бұрынғы ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиев 4 жылға сотталды, бірақ пробациялық бақылауға байланысты түрмеде отырмайды.

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…