Categories Жайық news

Бүгін түнде белгілі болады: Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Олимпиада жүлдесіне таласады

19 ақпаннан 20 ақпанға қараған түні мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жекелей сында Олимпиада чемпионы мен жүлдегерлері анықталады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл сында Қазақстан намысын 19 жастағы Софья Самоделкина қорғайды. Ол қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша 12-орынға табан тіреген. Енді спортшы еркін бағдарламада соңғы топтың алдында бірінші болып мұзға шығады.

Қазіргі уақытта Олимпиаданың жалпы медальдар кестесінде Норвегия құрамасы көш бастап тұр. Олардың қоржынында 33 медаль (15 алтын) бар. Екінші орында – 26 медальмен (9 алтын) Италия, үшінші сатыда – 24 медалі (7 алтын) бар АҚШ орналасқан.

Ал Қазақстан құрамасы мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың сенсациялық жеңісінің арқасында бір алтын медальмен Бразилиямен бірге 18-орынды бөлісіп тұр. Италиядағы Олимпиада ойындарында бүгінге дейін 26 елдің спортшылары жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ Олимпиадада үздік ондыққа енген басқа да қазақстандық спортшылар бар:

Надежда Морозова (конькимен жүгіру спорты) – 3000 метр қашықтықта алтыншы орын;
Денис Никиша (шорт-трек) – 500 метр қашықтықта жетінші орын;
Илья Мизерных (тұғырдан секіру) – үлкен тұғырдан секіруде сегізінші орын;
Анастасия Городко (фристайл) – параллель могулда сегізінші орын;
Евгений Кошкин (конькимен жүгіру спорты) – 500 метр қашықтықта тоғызыншы орын.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды

Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында отбасы институтын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды…

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы уақытша қызметінен шеттетілді

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешев 3 маусымнан бастап бір ай мерзімге…

Мас күйінде ұсталған Чапаев ауылдық округінің әкімі қызметінен босатылуы мүмкін

Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округінің әкімі Биболат Зинуллинге қатысты тәртіптік іс Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.