Астанадағы қоқыс үйіндісінде өрт шықты

Сурет: ТЖМ

Астана қаласының Сарыарқа ауданында қоқыс пен резеңке бұйымдары өртенді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, жалынның таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, А.Кенжин көшесінде жиналып тұрған қоқыс пен резеңке-техникалық бұйымдар отқа оранған. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде аумақта ашық жалын мен қою қара түтін байқалған.

Тілсіз жау сағат 11:00-де толықтай ауыздықталды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. 112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді, делінген ведомство хабарламасында.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтты.

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізіп, экономика мен саяси бағытты жаңа…

Астанада «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астана күні қарсаңында елордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан – Таза…