Categories Саясат

НАТО Бас хатшысы Путин туралы мәлімдеме жасады

НАТО Бас хатшысы Путин туралы мәлімдеме жасады,-деп хабарлайды Жайaқмедиа.кз.

НАТО Бас хатшысы Ресей президенті Владимир Путиннің рөліне қатысты өткір пікір білдірді. Оның айтуынша, халықаралық қауымдастық Путинді шектен тыс ықпалды саясаткер ретінде қабылдауды тоқтатуы керек.

«Путинге соншалық билікті адам деп қарауды доғаруымыз керек. Ол әрі кетсе – Техастың губернаторындай ғана адам», – деді Альянс басшысы.

Бұл мәлімдеме Батыс елдері Ресейдің геосаяси амбицияларына қарсы тұруды жалғастырып жатқан тұста айтылды. НАТО басшысы Мәскеудің әрекеттерін әлемдік қауіпсіздікке төнген басты қатерлердің бірі ретінде бағалап келеді.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай теңеу Ресейдің халықаралық деңгейдегі ықпалын төмендету мақсатында айтылған саяси риторикаға жатады. Дегенмен, Украинадағы соғыс жағдайында Кремльдің шешімдері әлі де Еуропаның қауіпсіздігіне тікелей әсер етіп отырғаны белгілі.

Ұқсас жазбалар

Мәжілісте Черногория Президентімен кездесу өтті

Мәжілісте Палата спикері Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген Черногория Президенті Яков Милатовичті қабылдады. Бұл…

«Әділет» партиясында ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілдерімен кездесу өтті

«Әділет» партиясы Саяси кеңес Бюросының мүшелері мүшелері Рауан Кенжеханұлы мен Гүлзира Атабаева Еуропадағы қауіпсіздік және…

Амнистия-2026: миллионнан астам айыппұл кешіріледі, бірақ қауіпті қылмыскерлер босатылмайды

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева жаңа Конституцияға байланысты амнистияны қолдану тәртібін түсіндірді.