Тоқаев Грузия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады: достық пен ынтымақтастық нығаяды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия президенті Михаил Кавелашвилиге ұлттық мереке – Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент Тоқаев өз құттықтауында грузин халқына бақыт пен гүлдену тілеп, екі ел арасындағы достық пен стратегиялық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстан мен Грузия арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Ұқсас жазбалар

Астанада екінші әуежайдың орны туралы ақпарат жалған болып шықты

Астана әкімдігі екінші әуежайдың орны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Аталған аумақ қала шекарасына кірмейді,…

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы жолаушылар үшін есігін ашты.

Мемлекет басшысы Швеция Королін Ұлттық күнмен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады. Президент жолдауында Швецияның тұрақты даму,…