Филиппиндегі жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 55 адамға жетті

Сурет: Report

Филиппиннің Минданао аралы жағалауында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 55 адамға жетті. Тағы 1 120 адам түрлі дәрежеде жарақат алған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Филиппин билігі аралда іздестіру-құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Табиғи апат салдарынан елде шамамен 1,9 мың ғимарат зақымданған. Олардың қатарында мектептер, ауруханалар және тұрғын үйлер бар. Оның ішінде 1,5 мыңға жуық нысан толықтай қираған.

Жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен аймақтардың бірі – Хенераль-Сантос қаласында төтенше жағдай режимі жарияланған.

Сонымен қатар халықаралық әуежай зақымданып, бірқатар рейс кейінге шегерілген. Филиппиннің Азаматтық авиация басқармасы апат салдарын жою жұмыстарын жеделдету үшін әуежайды пайдалануға рұқсат берген.

Еске сала кетейік, Филиппинде 8 маусымда магнитудасы 7,8 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді. Салдарынан 32 адам қаза тауып, Жапония жағалауларына цунами қаупі төнген еді.

Ұқсас жазбалар

Президент бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, ол жарлықтың орындалу…

Президент Ішкі істер министрінен қылмыс ахуалы туралы есеп тыңдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдап, елдегі криминогендік ахуал мен ведомство жұмысы…

Астанадағы Триатлон саябағында балалар алаңы өртенді

Астананың Алматы ауданындағы Триатлон паркінде балалар алаңы өртеніп, өрт сөндірушілер 25 шаршы метр аумақты шарпыған…