Categories Саясат

Министр сәбиімен курьер болған әйел туралы пікір білдірді

Сурет: әлеуметтік желіден

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Асқар Ертаев Үкімет отырысында сәбиін арқалап курьер болып жүрген әйелге қатысты ресми пікір білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік қоғамда қызу талқыланған жағдайды бақылауға алған. Асқар Ертаевтың айтуынша, жас отбасы Астанаға Шымкенттен көшіп келген. Олардың ол жақтағы жағдайы жақсы болған, ата-аналарының да материалдық жағдайы нашар емес. Отағасының жоғары білімі бар, бірақ тұрақты жұмысы жоқ. Ал курьер болған келіншектің техникалық орта білімі бар екені белгілі болды.

«Күйеуінің ауырып жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Отбасының жеңіл автокөлігі және 2 миллион теңге көлемінде несиесі бар. Келіншектің туған ағасы ломбард саласында қызмет етеді», деді министр.

Сондай-ақ Асқар Ертаев балалы әйелді жұмысқа шығарған платформаның жауапкершілігі туралы сөз қозғады.

«Ол шынымен курьер ретінде тіркелген. Бірақ бізде ол орналасқан компанияға қатысты сұрақтар бар. Жұмысқа шығар алдында қандай нұсқаулық берілгені және оны баламен бірге жұмысқа қалай жібергені түсініксіз. Жұмыспен қамту платформасы уақыт беруімізді сұрады, жауабын күтіп отырмыз. Келесі аптада диалогты жалғастырамыз», деді А. Ертаев.

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Көктемгі шақыру қорытындысы: Қазақстан әскері 21 мыңнан астам азаматпен толықты

Көктемгі шақыру науқаны аясында Қазақстанның Қарулы күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 18 бен…