Найзағай ойнап, дауыл соғады: Қазақстанда ауа райы қауіпті болжамы

Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай ойнап, күшті жел мен өрт қаупі сақталады. Синоптиктер бүгінге дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ауа райы болжамына сәйкес, еліміздің батыс, солтүстік және орталық аймақтарында найзағай жарқылдап, жел күшейеді. Кей жерлерде екпіні 15-20 метрге жетеді.

Әсіресе Батыс Қазақстан облысында өрт қаупі жоғары. Тұрғындарға ашық алаңда от жағуға, қоқыс өртеуге тыйым салынады.

«Ауа райының бұзылуына байланысты далалық жұмыстарды тоқтатып, малды баспанаға кіргізу керек. Дауыл кезінде биік ағаштар мен электр желілерінің астында тұру қауіпті», – дейді облыстық ТЖД мамандары.

Синоптиктер алдағы үш күнде де ауа райы тұрақсыз болатынын ескертеді. Жаңбыр жауып, күн күрт салқындауы мүмкін.

Ұқсас жазбалар

Астанада екінші әуежайдың орны туралы ақпарат жалған болып шықты

Астана әкімдігі екінші әуежайдың орны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Аталған аумақ қала шекарасына кірмейді,…

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы жолаушылар үшін есігін ашты.

Мемлекет басшысы Швеция Королін Ұлттық күнмен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады. Президент жолдауында Швецияның тұрақты даму,…