Елде шомылу маусымы басталғалы 29 адам суға батып кетті

Сурет: istockphoto.com

Қазақстанда шомылу маусымы басталғаннан бері су айдындарында 29 адам қаза тапты, оның 16-сы – балалар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрліктің мәліметінше, қайғылы оқиғалардың көпшілігі шомылуға тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде болған. Ведомство хабарламасында: «Талдау көрсеткендей, судағы қаза болудың негізгі себептерінің бірі – адамдардың, әсіресе балалардың қауіп-қатерді түсінбеуі. Сондықтан тәуекелдерді азайту үшін жыл басынан бері ауқымды ақпараттық науқан жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде 7,5 мың бала жүзуге үйретілді. Құтқарушылар шамамен 95 мың оқу парақшасын, жадынама мен брошюраны таратты, ал су айдындарына 786 қауіпсіздік белгісі орнатылды», – делінген.

Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен еріктілер 24 мыңнан астам патрульдік рейд өткізген.

Ұқсас жазбалар

Жасанды интеллект Екібастұз ГРЭС-1 жұмысын тәулік бойы бақылауда

Энергетика министрлігі 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау аясында саланы цифрлық трансформациялау…

Спортшылар Президентке қолдау үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев кешендегі спорт залдарын аралап, спортшылармен кездесіп, олардың алғысын естіді.

Алматыда БАҚ қызметкерлері Президент атынан марапатталды

Алматыда БАҚ қызметкерлері күніне орай медиа саласы өкілдеріне марапаттау рәсімі өтті. Мемлекет басшысының атынан отандық…