Categories Жайық news

«Ауыр қылмыстың көбі ішімдіктен»: Депутаттар алкоголь сату уақытын қысқартуды талап етті

«Қазақстан халық партиясы» фракциясының депутаттары елде ауыр қылмыстардың өсуіне байланысты алкоголь өнімдерін сату уақыты мен орнын шектеуді ұсынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, еліміздегі әрбір төртінші тонау мен жол-көлік оқиғасы, сондай-ақ отбасылық зорлық-зомбылықтың жартысынан астамы мас күйде жасалады. Осыған орай халық қалаулылары бірқатар нақты шара қабылдау қажет деп санайды.

Депутаттар мынадай өзгерістерді ұсынып отыр:

  • Дүкендерде спирттік ішімдіктерді сатуға кешкі сағат 20:00-ден кейін тыйым салу;
  • Кафе, бар және мейрамханаларда сағат 22:00-ден кейін сатуды тоқтату;
  • Ішімдік сататын орындардың жалпы санын шектеу;
  • Онлайн-саудаға толық тыйым салу;
  • Цифрлық таңбалауды енгізу;
  • Жастар арасында алкоголизмнің алдын алудың бірыңғай бағдарламасын әзірлеу.

Сонымен қатар, олар мектептер мен балалар мекемелерінен 100 метр радиуста алкоголь сатуға тыйым салатын норманы қайтаруды көздеп отыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті: арнайы дабыл қосулы болған

Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға кезінде арнайы дабыл шамдары қосулы болған.…

Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді

Қазақстандағы ең ірі жаңа кеме Оралда суға түсіріліп, оған Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Кеме «Зенит»…

«ӨСУ КАПИТАЛЫ: АЙМАҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Оралда БҚО әкімдігі мен прокуратурасының ұйымдастыруымен «Өсу капиталы: аймақтың жаңа мүмкіндіктері» атты инвестициялық форум өтті.…