Categories Саясат

Депутат Мүтәлі: Қазақстанға бірыңғай логистикалық экожүйе керек

Мәжілісте «AMANAT» партиясының депутаты Әбутәліп Мүтәлі Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру үшін бірыңғай логистикалық экожүйе құруды ұсынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, қазіргі кезде көлік-логистика саласындағы үйлесімсіздік транзиттік әлеуетті толық пайдалануға кедергі келтіріп отыр. Ол бірыңғай цифрлық платформа мен ортақ стандарттар енгізу арқылы жүк тасымалын жеделдетуге болатынын атап өтті.

«Бізге әртүрлі көлік түрлерін біріктіретін, тасымалдаушылар мен клиенттер арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдететін экожүйе қажет. Бұл Қазақстанның Еуразиядағы транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейтеді», – деді Мүтәлі.

Депутат бұл бастаманы жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен жеке сектордың бірлесіп жұмыс істеуі маңызды екенін жеткізді. Ол сондай-ақ, Батыс Қазақстан өңірінің транзиттік дәліздердегі маңызына тоқталды.

Ұқсас жазбалар

Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның жұмысы қорытындыланды

Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның жұмысы аяқталды. Қорытынды отырыста Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палата мүшелеріне алғыс…

«Ауыл» партиясы кезектен тыс съезін өткізді

23 маусымда «Ауыл» партиясының кезектен тыс съезі өтті.

«Ауыл» партиясының жаңа төрағасы сайланды

«Ауыл» партиясының кезектен тыс съезінде Серік Егізбаев өкілеттігін тоқтатып, Қайрат Айтуғанов жаңа төраға болып сайланды.