Categories Жайық news

Елордадағы қарулы шабуыл: Арнайы жасақ сарбазына оқ атқан күдікті қолға түсті

Астанада көлікте келе жатқан арнайы жасақ қызметкеріне белгісіз біреу аңшы мылтығынан оқ атты. Полиция департаменті қаскүнемнің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше, оқиға елорда көшелерінің бірінде болған. Күдікті көлігімен өтіп бара жатқан жүргізушіге мылтықтан оқ атып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Зардап шеккен азаматтың өзі полиция шақырған. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні көп ұзамай анықтап, қамауға алды. Ол 21 жастағы Астана қаласының тұрғыны болып шықты.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыс қаруы – мылтық тәркіленді. Зардап шеккен азамат – құқық қорғау органының қызметкері, оқиға кезінде еңбек демалысында болған», – делінген Астана қаласының ПД таратқан хабарламада.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оққа ұшқан азамат «Сұңқар» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкері екені айтылады. Полиция департаменті тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпаратты жария етпейтінін хабарлады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…