Categories Әлем

Еуропада аптап ыстықтан 1 300-ден астам адам қайтыс болды

Сурет: istockphoto.com

Еуропада 21 маусымнан бері тіркелген аптап ыстық салдарынан 1 300-ден астам адам көз жұмды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта Еуропадағы 150 миллионға жуық адам қатты ыстықтың зардабын тартып отыр. Бірқатар елде мектептер уақытша жабылып, электр желілеріне түсетін жүктеме артқан.

ДДСҰ басшысы қазір Еуропада ауа температурасының көтерілу қарқыны әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе жоғары екендігін атап өтті.

Ұйымның мәліметінше, бұрын сирек кездесетін аптап ыстық енді жыл сайын қайталанатын құбылысқа айналып келеді. Осыған байланысты ДДСҰ Еуропа елдерін халықтың денсаулығын ыстықтың әсерінен қорғауға бағытталған арнайы іс-қимыл жоспарларын күшейтуге шақырды.

Қазіргі таңда Еуропаның бірнеше елінде төтенше қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ең күрделі жағдай Францияда тіркеліп отыр. Елдің кейбір қалаларында ауа температурасы +40 градустан асып, аптап ыстық салдарынан шамамен 1 000 адам қайтыс болған.

Ұқсас жазбалар

Португалияда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

Португалияда аптап ыстыққа байланысты қызыл деңгейдегі дабыл жарияланды. Елдің 12 округінде жоғары дайындық режимі жексенбі…

Германияда аурухана өрті: екі адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды

Германиядағы аурухана өртінен екі адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды. Өрт радиология бөлімшесінің шатырында…

Қырғызстанның экс-қауіпсіздік басшысы 4 жылға сотталды

Қырғызстанның бұрынғы ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиев 4 жылға сотталды, бірақ пробациялық бақылауға байланысты түрмеде отырмайды.