Categories Ақорда

Президент қытайлық инвесторды қабылдады: 360 млн доллар және 4 мың жұмыс орны

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Xinjiang Lihua компаниясының басшысы Чжан Цихайды қабылдады. Кездесуде мақта-мата кластерінің бірінші кезеңіне 360 миллион долларға жуық тікелей шетелдік инвестиция тарту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жоба аясында 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл өңір экономикасына серпін беріп, халықтың табысын арттыруға мүмкіндік береді.

«Біз Қазақстанға инвестиция салуға дайынбыз. Бұл жоба екіжақты ынтымақтастықты нығайтады», — деді Чжан Цихай.

Қазіргі уақытта кластердің алғашқы кезеңі іске қосылып, өндіріс қуатын арттыру жоспарлануда.

Ұқсас жазбалар

Президент Алатау қаласын дамытуды маңызды міндет деп санайды

Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамытуды тағы бір маңызды міндет ретінде атады. Алатау әлемдік деңгейдегі арнаулы…

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

✔️Президент жасанды интеллект жаһандық дамудың қозғаушы күшіне айналады деп санайды. – Мемлекеттің инвестициялық саясатында жасанды…

Астанада Конституция аллеясы салтанатты түрде ашылды

Астанада Конституция аллеясы пайдалануға берілді. Жаңа нысан Мәңгілік Ел даңғылы бойында, Президенттің Мемлекеттік архиві мен…