Categories Қаржы

Жаңа камералар орнатылатын жолдар белгілі болды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Баяхмет Қазақстанда орташа жылдамдықты тіркейтін камералар орнатылатын жол учаскелерін атады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа жүйелер ең алдымен ақылы автожолдарға енгізіледі. Қазіргі таңда еліміздегі мұндай жолдардың жалпы ұзындығы 4,9 мың шақырымды құрайды. Негізгі бағыттар – Қарағандыдан Алматыға дейінгі және Өскемен – Талдықорған бағыттары. Сондай-ақ Қорғастан Алматыға дейінгі учаскелерде де камераларды орнату жұмыстары жалғасады.

Баяхметтің айтуынша, мұндай камералар орнатылғаннан кейін жол-көлік оқиғаларының саны 15%-ға азайған. Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов республикалық маңызы бар жолдардың 10 учаскесінде орташа жылдамдықты бақылау жүйесі жұмыс істеп тұрғанын хабарлаған болатын. Тағы сегіз тасжолда камераларды іске қосу және баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жазбалар

Қазақстандықтардың орташа табысы 133 мың теңге: ақша қайда жұмсалады?

Қазақстандықтардың орташа табысы 133,3 мың теңге, шығыны 117,6 мың теңге. Негізгі кіріс көзі – еңбек…

Елімізде пластикалық ота жасайтын клиникаларға тексеру жүргізіледі

Денсаулық сақтау министрлігі пластикалық хирургия қызметін көрсететін клиникаларға жоспардан тыс тексеру жүргізеді.

Алты өңірде коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуға 27,3 млрд теңге бөлінді

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ алты өңір әкімдіктерінің облигацияларын 27,3 млрд теңгеге сатып алып, коммуналдық…