Categories Қаржы

Интернеттегі саудада сақ болыңыз: жаңа алаяқтық әдіс анықталды

Сурет: Egemen Qazaqstan

«Fingramota» жобасының сарапшылары бір мезетте екі жазықсыз адамның, яғни шынайы сатып алушы мен адал сатушының алдануына әкелетін алаяқтық тәсілді әшкереледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алаяқ алдымен қандай да бір тауар сатып жатқан сатушыны тауып алады. Кейін оның хабарландыруын көшіріп алып, дәл сол тауарды әлдеқайда арзан бағамен қайта жариялайды.

Арзан ұсынысқа қызыққан сатып алушы табылған кезде, алаяқ оған өз есепшотын емес, сол адал сатушының төлем деректерін береді.

Нәтижесінде сатып алушы ақшаны сатушының шотына аударады. Сатушы төлемнің түскенін көріп, тауарды алаяқ көрсеткен мекенжайға жөнелтеді.

Соңында сатып алушы ақшасынан айырылып, тауарсыз қалады. Сатушы өзі байқамай алаяқтық схемаға араласып кетеді. Ал қылмыскер бір тиын төлемей тауарды иеленіп алады әрі өзінің ешқандай банк картасын пайдаланбайды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда мамыр айында тұрғын үйге сұраныс күрт төмендеді

Қазақстанда мамыр айында тұрғын үй нарығындағы белсенділік сәуірдегі рекордтан кейін төмендеді. Ел бойынша 30 420…

Қазақстанда электромобильдерге арнайы жасыл нөмір беру жоспарлануда

Қазақстанда электромобильдерге арнайы мемлекеттік нөмір беру көзделуде. Сенат заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Төрт жылда шағын және орта бизнестің саны 2,2 миллионға дейін өсті

Қазақстанда халық табысын арттыру бағдарламасы іске қосылғаннан бері негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсуі байқалады.