Сурет: Aikyn.kz
«Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы аяқталды. Жеңімпаз атанған 483 ауыл оқушысы республикалық физика-математика мектебі, БИЛ және «Дарын» мектеп-лицейлерінде оқуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен мыңдаған талапкер қатысты. Олар математика, физика, химия және биология пәндері бойынша сынға түсті. Ең жоғары нәтиже көрсеткен 483 оқушы іріктеліп алынды.
«Бұл олимпиада ауыл балаларына үлкен жол ашады. Енді олар еліміздің үздік мектептерінде білім ала алады», – деді ұйымдастырушылар.
Жеңімпаздардың тізімі ресми сайтта жарияланды. Оларға қыркүйек айынан бастап оқуға кірісу ұсынылады. Айта кетейік, «Мың бала» жобасы ауыл жастарының білімге қолжетімділігін арттыру мақсатында жүзеге асып келеді.

