Categories Әлем

Путинді Астана әуежайында домбырамен қарсы алды: кімдер күтіп тұрды?

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ресей Президенті Владимир Путиннің Астана5а келген сәтінде әуежайда ерекше көрініс болды. Қонақты домбырашылар ансамблі мен халықаралық байқаулардың жеңімпазы Радмир Хайбуллин күтіп алды.

Әуежай терминалында әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының домбырашылар ансамблі өнер көрсетті. Олар қазақтың күмбірлеген күйлерімен мейманды қарсы алды. Сырнайшы Радмир Хайбуллин де өз өнерін тарту етті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл – Ресей Президентінің Қазақстанға ресми сапары аясындағы алғашқы тоқтаған жері. Астана әуежайындағы қарсы алу рәсіміне жергілікті әкімдік өкілдері де қатысты.

«Біз үшін үлкен мәртебе. Домбыра – қазақтың жаны. Осы өнерімізбен қонақты қуантқымыз келді», – дейді ансамбль жетекшісі.

Владимир Путиннің сапары барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады деп күтілуде.

Ұқсас жазбалар

Германиядағы аптап ыстық: үш күнде 20-дан астам адам суға кетті

Германиядағы аптап ыстық салдарынан соңғы үш күнде 20-дан астам адам суға батып қайтыс болды, деп…

Францияда аптап ыстықтан өлім-жітім мың жағдайға артты

Францияда аптап ыстық салдарынан өлім-жітім мың жағдайға артты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.

Қазақстан БҰҰ сессиясында зорлық-зомбылықтың алдын алу тәжірибесін ұсынды

Қазақстан БҰҰ сессиясында әйелдер мен қыздарға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тәжірибесін таныстырды.