Categories Жайық news

Қостанай облысындағы шахтада жарылыс болып, жұмыскер жарақат алды

Қостанай облысындағы «Соколовская» шахтасында жарылыс кезінде скрепер лебедкасының машинисі жараланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Eurasian Resources Group өкілдері жағдайды растады. Олардың мәліметінше, шахтада кен жыныстары тұрып қалған соң жарылғыш зат қолданылған.

«Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің машинисі жарылғыш затпен жұмыс істеген сәтте күтпеген жарылыс болып, жарақат алды. Қазір ол қалалық ауруханада ем қабылдап жатыр», – деді компаниядағылар.

Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына баға беріліп, оқиғаның мән-жайы анықталмақ.

Ұқсас жазбалар

БҚО-да 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой бағылады  

Өңірде 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой тіркелсе, оның 90%-ға жуығы еділбай тұқымына тиесілі. Бұл…

ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің тапсырмасымен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов тыл еңбеккері, саналы ғұмырын…

Өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады  

«Мектебім, саған мың алғыс!». Бүгін өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады. №52 жалпы орта…