Categories Жайық news

Тоқаев үкіметке тапсырма берді: «Digital Qazaqstan» халықтың қажетіне жұмыс істеуі керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Qazaqstan» жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиында ел өмірінің барлық саласына озық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу жолдары талқыланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ақордада өткен кеңесте Президент биылғы «Цифрландыру жылы» аясында қолайлы құқықтық және іскерлік орта құрудың маңызын ерекше атап өтті.

Қазақстанда Цифрлық кодекс пен жасанды интеллект туралы заң қабылданғанымен, нормативтік базаны жедел жаңарту қажет екені айтылды.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы «Digital Qazaqstan» стратегиясы шенеуніктердің есебі үшін емес, азаматтар мен бизнестің нақты қажеттіліктеріне негізделуі тиіс екенін қатаң тапсырды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…