Categories Жайық news

ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ

1 шілдеден бастап Сенат және Мәжіліс депутаттары өңірлерді аралап, халықтың талап-тілегін тыңдап, өзекті мәселерді шешу үшін халықпен кездесуді бастауда.

Бүгін Бөкей ордасы ауданына арнайы іссапармен Астана қаласынан бірнеше мәртебелі меймандары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары келді. Атап өтсек, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің орталық қеңесінің төрағасы Бақтықожа Салахаденұлы Ізмұхамбетов, осы комитеттің мүшесі Ерболат Байұзақұлы Саурықов, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Абзал Темірғалиұлы Құспан, сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Қалияр Шадиярұлы Айтмұхамбетов.

Сапар барысында мәртебелі меймандар еркін форматта аудан тұрғындарымен кездесіп, елдік мәселелерге қатысты жұртшылықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.

Ұқсас жазбалар

Менің Оралым

Батыс Қазақстанның жүрегінде орналасқан Орал қаласы – тарих пен заманауи өркениет тоғысқан ерекше мекен. Еуропа…

Оралдың жылу жүйесі жаңарды

Қаланың инфрақұрылымдық жүрегі – жылу жүйесі. Әкім Мұрат Байменовтың айтуынша, соңғы жылдары бұл салада ауқымды…

Оралда жаңа мектептер салынып, білім инфрақұрылымы жаңарып келеді

Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов халық санының өсуіне байланысты жаңа мектептер салудың маңыздылығын атап өтті.…