Categories Жайық news

«Бұл гипноз емес»: Полиция қазақстандықтардың алаяқтарға неге оңай алданатынын түсіндірді

Қазақстандықтар алаяқтармен сөйлескенде гипноздың әсерінен емес, қатты психологиялық қысым салдарынан өз-өзіне ие бола алмай қалады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қаскөйлер адамның психологиясына әсер ететін нақты әдістерді қолданады.

«Алаяқтар алдын ала дайындалған скрипт бойынша жұмыс істейді. Олар шұғылдық пен ақшадан айырылып қалу қорқынышын пайдаланады. Тіпті олардың байланыс орталықтарында штаттық психологтардың болуы да мүмкін», – деді полиция өкілі.

Қылмыскерлер жәбірленушіге уақыттың аз екенін, қаражатына қауіп төніп тұрғанын айтып сендіреді. Сонымен қатар «арнайы операция» немесе «қылмыстық жауапкершілік» сияқты сөздермен қорқытып, адамдардың апталап полицияға хабарласпауына әсер етеді. Арыз неғұрлым кеш түссе, ақшаны қайтару мүмкіндігі соғұрлым төмендейді.

Өткен жылы алматылықтар алаяқтарға 2,5 млрд теңге аударса, оның 700 миллионға жуығы ғана қайтарылған. Ал биылдың өзінде қалада 150-ден 200-ге дейін адам алаяқтардың құрбаны болды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

28 маусымға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның оңтүстігінде аптап ыстық сақталады

28 маусымда Қазақстанның солтүстік және батыс өңірлерінде найзағайлы жаңбыр күтіледі, оңтүстікте аптап ыстық сақталады.

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді, ал шетелге шыққан…

АЙМАҚ БАСШЫСЫ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы өздеріне жүктелген…