Categories Қаржы

Қазақстанның жер асты байлығын ЖИ іздейтін болды

Қазақстан геология саласын цифрландыруға кірісті. Енді пайдалы қазбаларды жасанды интеллект іздейтін болады.

Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев геологиялық барлаудағы жаңа тәсілдер туралы баяндады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, жасанды интеллект геологиялық деректерді талдап, кен орындарын анықтауға көмектеседі. Бұл – уақыт пен ресурсты үнемдейтін тиімді әдіс.

«Цифрлық технологиялар геологияны жаңа деңгейге көтереді. Біздің мақсат – жер қойнауындағы байлықты тез әрі дәл табу», – деді Ерсайын Нағаспаев.

Жаңа жүйе алдымен Батыс Қазақстан аймағында сынақтан өтеді. Мұнда мұнай мен газ кен орындары көп шоғырланған.

Ұқсас жазбалар

Зейнетақы ақшасын алу қиындайды: БЖЗҚ-дан шек артады

Еңбек министрі Асқарбек Ерсаев БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін жеткіліктілік шегін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл…

2027 жылдан бастап қазақстандықтар дәрі-дәрмекті тегін алады: жаңа жүйе қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда 3,4 миллион адам тегін дәрі-дәрмек алады. 2027 жылдан бастап дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа тәсілі…

Доллар бағамы төмендеді: 19 наурыздағы нарық не көрсетті?

Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 19 наурызда төмендеді. Нарықтағы өзгерістер теңгеге қалай әсер еткенін біліңіз.