Categories Әлем

Түркістан облысында 35 мыңнан астам түлек мектеп бітірді

Сурет: Jas Qazaq

Түркістан облысындағы мектептерде салтанатты жиындар өтті. 35 мыңнан астам оқушы соңғы қоңырау соғып, мектеппен қоштасты.

Биылғы түлектердің ішінде 2 мыңға жуығы үздік аттестат алды. Олардың қатарында республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері де бар.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды түлектерге жылы лебізін білдірді:

Әрқайсыңның алдарыңда үлкен жол жатыр. Білімдеріңді шыңдап, еліміздің дамуына үлес қосатындарыңа сенемін.

Мектеп бітіру кештері 1 маусымға дейін жалғасады. Одан кейін түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…