Демократия желеуімен араздық тудыруға жол берілмейді — Ерлан Карин

Фото: видеодан скрин

Белгілі журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында демократия нормалары туралы сұраққа жауап берген Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әрбір мемлекеттің өзіндік даму жолы бар екенін айтты, деп хабарлайды ZhaiyqMedia.

Ерлан Карин демократияны желеу ету арқылы елдің арасында ірікті салуға мүлдем жол берілмейтінін баса айтты.

«Әр елдің өзіне тән даму жолы болатыны заңдылық. Біз өзіміздің ұстанып отырған жолымыз, қалыптасқан салтымыз бар елміз. Біздің қоғамға тән өзіндік құндылықтар, салт-дәстүр, ұлттық менталитет. Демократия желеуімен, жалпы қоғамның наразылығын тудыратын, дінаралық, ұлтаралық араздықты қоздыратын әрекеттерге жол берілмеуі тиіс. Алайда бұл демократияның қағидаттарын орындаудан бас тартамыз дегенді білдірмейді. Біз оны ары қарай дамыта береміз», — деп атап өтті Мемлекеттік кеңесші. 

Егер сөз бостандығы желеуімен қоғамның ішіне іріткі салып, заң талаптарын бұзбай, әдеп деңгейінде айтылса ешкімнің де себепсіз жауапқа тартылмайтынын айтқан Е.Қарин бүгінде жүргізіліп жатқан ішкі саясаттың негізгі мақсаты – ұлттық бірлік пен қоғамдық тұрақтылықты сақтау, қорғау, дамыту, осы арқылы ұлттық бірегейлікті қалыптастыру екенін жеткізді.

«Демократия жолында көптеген оң шешімдер қабылданды, азаматтардың билікке ықпал ету мүмкіндігі кеңейді. Бүгінде елдімізде сауатты плюрализм,  пікір алуандығы нақты орныққанын, оның көрінісін әлеуметтік желілерден де, түрлі деңгейдегі саяси дискуссиялардан байқауға болады»,- деп түйіндеді Е.Қарин.

Ұқсас жазбалар

БҚО-да спорт саласының үздіктері анықталды

Сурет:БҚО Әкімдігі Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жалын – 2025» атауымен үздік…

Жыл қорытындысы: әскерге шақыру мен әскери қызметтегі цифрлық шешімдер

Сурет: gov.kz 2025 жылы Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасы бойынша…

100% жұмысқа орналастыру: Ozge Epic Oral сұранысқа ие аниматорларды қалай даярлайды

Сурет:Орал қ әкімдігі Биыл наурыз айында Орал қаласында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы атынан қайырымдылық жобаларды жүзеге…