Нариман Төреғалиев: Батыс Қазақстан облысында медициналық қызмет сапасы жаңа деңгейге көтерілуде

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облысымызда медициналық инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.
📍2023-2025 жылдары облыста 50 жаңа медициналық нысан салу көзделген болса, соның 36-сы бүгінде іске қосылды. Қалған 14 нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
✔️Сондай-ақ, соңғы екі жылда 35 нысан күрделі жөндеуден өтті, ал 131 арнайы көлік (жедел жәрдем, санитарлық техника және т.б.) 2,7 млрд теңгеге сатып алынды. Cонымен қатар, өткен жылы 7,5 млрд.теңгеге 150 орындық мүгедектерді Оңалту орталығы пайдалануға берілгені баршаға мәлім.
📌Алдағы уақытта Теректі ауданының Ақжайық ауылында 50 орындық балаларды оңалту орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, 5 медициналық нысанның күрделі жөңдеу жұмыстары басталды. Ендігі кезекте 5,7 млрд. теңгеге 98 бірлік медициналық құрал-жабдықтар мен 5 санитарлық автокөлік сатып алу жоспарланды.
👩🏻‍🎓Медицина саласындағы кадр тапшылығын шешу үшін ауқымды қолдау шаралары қабылданды. 2024 жылдан бастап қалаға жіберілетін мамандар үшін 5,1 млн. теңге, аудандық медициналық ұйымдарға 8,5 млн. теңге біржолғы төлемдер көзделді. 2025 жылы 60 маман 439,6 млн. теңгеге біржолғы өтемақымен қамтамасыз етілді.
Бүгінде облыс тұрғындары жаңадан ашылған медицина нысандарының сапалы қызметін оң бағалап отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда 18 мамырда ауа райы қалай болады: ыстық пен жаңбыр күтіледі

18 мамырда Қазақстанда ауа райы құбылмалы: оңтүстікте ыстық, солтүстікте жаңбыр күтіледі. Батыс Қазақстанда ауа температурасы…

Бірнеше өңірде ауа райы күрт нашарлайды: ТЖМ ескерту жасады

Қазақстанның бірнеше аймағында ауа райы күрт нашарлайды. ТЖМ тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге шақырып, ресми хабарламаларды…

Астанада LRT тоқтап қалды: жолаушылар есікті ашып жіберген

Астанадағы LRT желісі жолаушылардың есікті ашуынан тоқтап қалды. Әкімдік кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды жоспарлап отыр.