Categories Жайық news

Оралда Амал мерекесіне орай ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті

Орал қаласында жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің дәстүрлі жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталған шараның мақсаты – тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету және жергілікті шаруалардың өнімдерін тікелей халыққа ұсынуына мүмкіндік жасау.
Жәрмеңкеге облыстың түрлі аудандарынан келген фермерлер мен шаруа қожалықтары қатысты. Олар өздері өндірген табиғи әрі жаңа өнімдерін қала тұрғындарына ұсынды. Сатылымға ет өнімдері, сүт және сүт тағамдары, жұмыртқа, картоп, көкөніс, бал және түрлі азық-түлік түрлері шығарылды.

Шара барысында тұрғындар өнімдерді делдалсыз, өндірушінің өзінен сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Көптеген сатып алушылар жәрмеңкедегі бағалардың нарықтағы бағалардан төмен екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде қала халқының қызығушылығын арттырып, жәрмеңкеге келушілердің санының көп болуына себеп болды.
Мұндай ауылшаруашылық жәрмеңкелері жергілікті фермерлерді қолдауға, ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін арттыруға және қала мен ауыл арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта да осындай жәрмеңкелер тұрақты түрде өткізіліп, тұрғындарға сапалы әрі табиғи өнімдер ұсыныла бермек.

Сонымен қатар, Орал қаласы бойынша төмендегі мекенжайларда сағат 9.00-ден 13:00-ге дейін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетінін хабарлаймыз:

15 наурыз күні — Круглоозерный кенті, Астана көшесі, 82, мектептің аумағында.

Деркөл кенті, Бейімбет Майлин, 52, №49 мектептің алдында.

Зачаган кенті,Жәнгір хан көшесі, 67Н, №53 мектептің алдында.

Желаев ауылдық округі, Көпбергенов, 50, №14 мектеп алдында.

Ұқсас жазбалар

БҚО-да 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой бағылады  

Өңірде 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой тіркелсе, оның 90%-ға жуығы еділбай тұқымына тиесілі. Бұл…

ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің тапсырмасымен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов тыл еңбеккері, саналы ғұмырын…

Өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады  

«Мектебім, саған мың алғыс!». Бүгін өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады. №52 жалпы орта…