Categories Қаржы

Air Astana экс-басшысы Питер Фостер жүк тасымалдау компаниясының директоры болды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Air Astana әуе компаниясын 21 жыл басқарған Питер Фостер отандық жүк тасымалдау әуе компаниясының тәуелсіз директоры болып сайланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Директорлар кеңесінің құрамына Ерлан Қойшыбаев, Сергей Швалов, Айбек Қапар және тағы бір тәуелсіз директор Сергей Анашкин енді. Кадрлық өзгерістермен қатар компанияда ауқымды қайта құрылымдау жүргізілуде. 2026 жылғы 10 маусымда әуе тасымалдаушысы ресми түрде KTZ Air Cargo атауынан бас тартып, Alatau Air Cargo болып өзгертілді. Компанияның заңды мекенжайы Астанадан Қарағанды облысына көшірілді. Акционерлер ұйымның жаңа жарғысын да бекітті.

Питер Фостер биылғы 31 наурызда Air Astana компаниясының басшысы қызметінен кеткен болатын. Оның орнына Ибрахим Жанлыел тағайындалды. Сол кезде Фостер отбасына көбірек уақыт бөліп, саяхат пен сүйікті істерімен айналысуды жоспарлайтынын айтқан еді. Алайда тәжірибелі авиациялық менеджер жаңа ұсынысты қабылдап, жүк авиациясын дамыту жобасына қосылды. Питер Фостердің халықаралық авиация саласындағы тәжірибесі мол. Ол әр жылдары Cathay Pacific Airways, Philippine Airlines және Royal Brunei Airlines компанияларында қызмет атқарған.

Сарапшылардың пікірінше, оның Alatau Air Cargo құрамына келуі компанияның Қазақстандағы және халықаралық нарықтағы позициясын күшейтуге бағытталған стратегиялық қадам болуы мүмкін.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда мобильді интернет пайдаланушылар саны азайды

Қазақстанда ұялы байланыс тарифтерінің қымбаттауына байланысты мобильді интернетті пайдаланушылар саны азайған.

Қазақстанда инфляция 10,3%-ға дейін баяулады — Ұлттық экономика министрі

Қазақстанда инфляция 10,3%-ға дейін баяулады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында мәлімдеді.

Қазақстанда жасанды интеллектке негізделген бірыңғай цифрлық сауда экожүйесі құрылады

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жасанды интеллект саласындағы сарапшы Dr. Kai-Fu Lee-мен кездесіп, сауда…