Categories Әлем

Әлемге әйгілі AI сарапшысы Қазақстанда GITEX-2026 алдында дәріс өткізді

Әлемдік деңгейдегі жасанды интеллект сарапшысы Кай-Фу Ли Қазақстанға арнайы келіп, GITEX AI Kazakhstan-2026 форумы қарсаңында оқыту семинарын өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшы қазақстандық мамандарға AI саласындағы соңғы үрдістер мен технологияларды таныстырды. Ол жасанды интеллекттің экономика мен бизнестегі рөліне ерекше тоқталды.

«Қазақстанның AI-ді дамытуға деген ұмтылысы әсерлі. Бұл елдің цифрлық болашағына үлкен сеніммен қараймын», — деді Кай-Фу Ли.

Бұл оқыту GITEX AI Kazakhstan-2026 форумына дайындық аясында ұйымдастырылды. Форум 2026 жылы Астанада өтеді деп жоспарлануда.

Ұқсас жазбалар

Францияда Эбола вирусын жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді

Францияда Эбола вирусын жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді. Инфекция Конгоға гуманитарлық сапармен барып қайтқан дәрігерден анықталған.

Энергетика министрлігі Орынбордағы газ зауытына шабуылға қатысты мәлімдеме жасады

Энергетика министрлігі Орынбордағы газ өңдеу зауытына жасалған шабуылға байланысты пікір білдіріп, газбен қамту жүйесінің қалыпты…

Трансұлттық қылмыстық топты басқарған күдікті Польшадан экстрадицияланды

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі Интерполының қызметкерлері Украина азаматын есірткі саудасымен айналысқан трансұлттық қылмыстық…