2025 жылдан бастап балалы отбасыларға төлемдер ұлғайды: жаңа мөлшерлер белгілі

Сурет: istockphoto.com

2025 жылдан бастап Қазақстанда балалы отбасыларға арналған әлеуметтік төлемдер едәуір өсті. Бұл – Президенттің тапсырмасымен енгізілген көпдеңгейлі қолдау жүйесінің бір бөлігі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Енді бала күтімі бойынша жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері айтарлықтай көтерілді. Мәселен, бірінші балаға берілетін жәрдемақы 5,76 АЕК (21 262 теңге) болса, екінші балаға – 6,81 АЕК (25 131 теңге), үшінші және одан кейінгі балаларға – 7,85 АЕК (28 972 теңге) құрайды.

«Бұл өзгерістер әлеуметтік қолдауды күшейтуге және балалы отбасылардың материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған. Мемлекет ана мен баланы қорғауға ерекше мән береді», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі.

Сонымен қатар, әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша бала күтіміне байланысты табысынан айырылған ата-аналарға төленетін өтемақы мөлшері де артты. Бұл төлемдер енді ең төменгі жалақының 40 пайызынан кем болмайды.

Жаңа төлем мөлшерлері биылғы жылдың басынан бастап күшіне енді. Ата-аналарға қайта өтініш берудің қажеті жоқ – есептеу автоматты түрде жүргізіледі.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтты.

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізіп, экономика мен саяси бағытты жаңа…

Астанада «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астана күні қарсаңында елордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан – Таза…