Categories Көңіл ашар

«Алдымен келісімшартты бұзды»: Баян Алагөзова Жұлдызды топтан шығару себебін түсіндірді

Танымал продюсер Баян Алагөзова Жұлдыз Өмірғалиді «Q-pop» тобынан неліктен шығарғанын айтып берді. Оның айтуынша, әншінің өзі келісімшартты бұзған.

Баян Алагөзова топ мүшелеріне қойылатын талаптарды да нақтылады. Ол әр қыздың кәсіби деңгейі мен тәртібі қатаң бақыланатынын жеткізді.

«Топтағы әрбір мүше белгілі бір ережелерге бағынуы керек. Егер орындамаса, келісімшарт бұзылады. Жұлдыз да сол себепті кетті», — деді продюсер.

Айта кетейік, Жұлдыз Өмірғали «Q-pop» тобынан кеткені туралы бұған дейін де айтылған болатын. Алайда нақты себебі осы уақытқа дейін жария болмаған еді.

, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұқсас жазбалар

Мұстафа Өзтүріктің қызы әкесінің мұрасын өңірлерде таныстыруды ұсынды

Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік әкесіне тиесілі тарихи жәдігерлерді Қазақстанның әр өңірінде таныстыру туралы ұсыныс…

Астанада Phygital Contenders 2026 турнирінің екінші күні мәресіне жетті

11 маусымда Астанада Phygital Contenders Astana 2026 халықаралық турнирінің екінші жарыс күні аяқталды. Жарыстар «Алау»…

Нью-Йорк көшелеріне футбол жұлдыздарының есімі берілді

Әлем чемпионаты қарсаңында Нью-Йорктегі бірнеше көшеге уақытша танымал футболшылардың есімі берілді.