Categories Жайық news

Енді ешкімді үйінен сотсыз шығаруға болмайды: Жаңа норма пәтер иелерінің құқығын шектей ме?

Әділет министрлігі Конституцияға енгізілген «ешкімді соттың шешімінсіз баспанасынан айыруға болмайды» деген нормаға қатысты түсінік берді. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл өзгеріс меншік иелерінің құқығын шектемейді, тек кез келген даудың сот арқылы шешілуін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жаңартылған Конституцияның 25-бабының 2-тармағына сәйкес, енді Қазақстанда азаматтарды сот шешімінсіз үйінен шығаруға тыйым салынады. Бұл норма қоғамда түрлі пікір тудырып, әсіресе пәтерлерін жалға беретін азаматтар тарапынан алаңдаушылық білдірілген еді.

Көпшілік бұл өзгерісті «енді пәтерақысын төлемейтін немесе шартты бұзатын жалдаушыларды шығару мүмкін болмайды» деп түсінген. Алайда Әділет министрлігі бұл норманың меншік иесінің құқығына басымдық беретінін атап өтті.

«Конституциядағы бұл норма тұрғын үйден шығарудың сот арқылы жүзеге асырылатынын бекітеді, бірақ меншік иесінің құқығын еш төмендетпейді. Керісінше, иесінің мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы бұрынғыдай басымдықта қалады», – делінген министрлік хабарламасында.

Яғни, егер жалға алушы келісімшарт талаптарын орындамаса (мысалы, пәтерақысын уақытылы төлемесе), пәтер иесі сотқа жүгіну арқылы оны заңды түрде шығара алады. Бұл тәртіп меншік иесін өз бетінше әрекет етуден сақтайды және даулы мәселенің тек заң аясында шешілуін қамтамасыз етеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Баспана, медициналық көмек және жеңілдіктер: мәдениет саласындағы әлеуметтік қолдау тетіктері

Елімізде мәдениет саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бағытындағы шаралар кезең-кезеңімен күшейтіліп жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар Мемлекет…

Студенттер экологиялық сағат өткізді  

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті Жәңгір хан атындағы…

Астанада дрон көмегімен заңсыз топырақ ұрлағандар анықталды

Астана полициясы дрон арқылы мониторинг жүргізіп, Айтматов көшесінде топырақ ұрланып жатқанын анықтады.