Categories Жайық news

АҚШ пен Израиль шабуылдаған Иранда 96 қазақстандық қалып қойды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ пен Израиль шабуыл жасаған Иран аумағында 96 отандасымыздың бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі таңда Иранда Қазақстанның 96 азаматы бар. Олардың 18-і – дипломатиялық өкілдік қызметкерлері, екеуі – студент, 70 адам «Заркух» зауытында жұмыс істейді. Ал алты азамат жеке шаруасымен жүр.

«Министрлік пен Қазақстанның шет елдердегі мекемелері отандастарымызбен үнемі байланыста. Қазіргі сәтте Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», – делінген ресми хабарламада.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Баспана, медициналық көмек және жеңілдіктер: мәдениет саласындағы әлеуметтік қолдау тетіктері

Елімізде мәдениет саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бағытындағы шаралар кезең-кезеңімен күшейтіліп жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар Мемлекет…

Студенттер экологиялық сағат өткізді  

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті Жәңгір хан атындағы…

Астанада дрон көмегімен заңсыз топырақ ұрлағандар анықталды

Астана полициясы дрон арқылы мониторинг жүргізіп, Айтматов көшесінде топырақ ұрланып жатқанын анықтады.