Президент Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісі кісі қолынан қаза тапты

Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісі кісі қолынан қаза тапты. Оқиға 30 қазанға қараған түні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, отырыс барысында жанжал туындап, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған.

Құқық қорғау органдары күдіктіні ұстағанын хабарлады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары басталды.

Марқұм Ержан Бабақұмаров әр жылдары мемлекеттік қызметте жоғары лауазымдар атқарып, Президент Әкімшілігінде, министрліктер мен жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істеген.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ресми ақпарат қосымша хабарланады.

Ұқсас жазбалар

Астанада екінші әуежайдың орны туралы ақпарат жалған болып шықты

Астана әкімдігі екінші әуежайдың орны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Аталған аумақ қала шекарасына кірмейді,…

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы жолаушылар үшін есігін ашты.

Мемлекет басшысы Швеция Королін Ұлттық күнмен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады. Президент жолдауында Швецияның тұрақты даму,…