Categories Жайық news

Ауыр инфаркт алған Сара Назарбаеваның қазіргі жағдайы белгілі болды

Айдос Үкібай Қазақстанның бұрынғы бірінші ханымы Сара Назарбаеваның денсаулық жағдайы туралы жаңа мәлімет таратты. Ол ауыр инфаркт алғаннан кейін ұзақ уақыт емделіп, жақында ауруханадан шығарылған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мәліметке сәйкес, Сара Назарбаева миокардтың ауқымды инфарктін бастан өткерген. Осыған байланысты ол өткен жылдың сәуір айынан бастап Алматыдағы Президент іс басқармасы медициналық орталығының ұлттық госпиталінде (Совминка) ем қабылдаған.

Дәрігерлер оған бірнеше диагноз қойған: жүректің ишемиялық ауруы, ауыр қант диабетінің салдарынан пайда болған жүрек және өкпе жеткіліксіздігі, сондай-ақ үдемелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі.

Науқас ұзақ уақыт бойы жасанды тыныс алдыру аппараты мен гемодиализ көмегімен емделгені айтылады.

Айдос Үкібайдың сөзінше, қазір Сара Назарбаеваның жағдайы тұрақты.

«Жағдайының тұрақтануына байланысты биыл қаңтарда стационардан шығарылды. Қазіргі уақытта Сара Алпысқызы Алматыдағы үйінде дәрігерлердің бақылауында», – делінген хабарламада.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада Кенесары мен Сембинов көшелерінің қиылысы екі күнге жабылады

Астанада Кенесары мен Сембинов көшелерінің қиылысы екі күнге жабылады. Жөндеу жұмыстарына байланысты 6-7 маусым аралығында…

Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды

Журналист Қамбар Ахметтің мақаласынан кейін Әлихан ауылына баратын 45 шақырымдық жол жөнделетін болды. Аудан әкімі…

Жеткіліктілік шектерін көтеру қазақстандықтардың болашақ зейнетақысын қорғауға бағытталған

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану кезінде қолданылатын ең төменгі жеткіліктілік шектерінің параметрлері жаңартылды. Өзгерістер…