Categories Спорт

Қазақстан боксшылары Әлем кубогында үздік үштікке енді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан ұлттық құрамасы бокстан Әлем кубогының екінші кезеңінде жалпы командалық есепте үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өткен додаға 44 елден 300 боксшы қатысты. Қазақстаннан 17 спортшы жүлдеге таласып, бес алтын және үш қола медаль жеңіп алды.

Жарыс жеңімпаздары: Санжар Тәшкенбай (50 келі), Абылайхан Жүсіпов (70 келі), Айбек Оралбай (+90 келі), Назым Қызайбай (54 келі) және Виктория Графеева (60 келі). Қола медальді Аида Әбікеева (65 келі), Валерия Аксенова (80 келі) және Дина Исламбекова (+80 келі) қанжығалады.

Командалық есепте бірінші орынды Қытай (5 алтын, 1 күміс, 3 қола), екінші орынды Қазақстан (5 алтын, 3 қола), үшінші орынды Өзбекстан (4 алтын, 3 күміс, 4 қола) иеленді.

Ұқсас жазбалар

Винисиус әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі барлық матчта үздік ойыншы атанды

Винисиус Жуниор әлем чемпионатында Шотландия мен Бразилия арасындағы кездесудің үздік ойыншысы атанды. Ол топтық кезеңнің…

Марокко Гаитиді жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды

Марокко құрамасы Гаитиді 4:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Швейцария Канаданы жеңіп, плей-оффқа топ көшбасшысы ретінде шықты

Әлем чемпионатының В тобындағы үшінші тур матчында Швейцария құрамасы Канаданы 2:1 есебімен жеңді.