Оралда түнгі уақыттағы қаланың ажарын айшықтайтын сәулеттік жарықтандыру жобасы жүзеге асуда. Соның аясында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері түрлі түсті шамдармен безендіріліп, шаһарға ерекше көрік беріп тұр.
Бүгінгі таңда тоғыз үйдің сырты жарық шамдарымен көмкерілді. Ал жақын күндері тағы үш тұрғын үй осы тізімге қосылады деп күтілуде. Жоба аяқталған соң қаланың орталық бөлігі кешкісін жарқырап, тұрғындар мен қонақтарға әсерлі көңіл күй сыйламақ.
Сарапшылар мұндай жұмыстар Оралдың сәулеттік стилін заманауи сипатқа жақындатып, қала кеңістігінің тартымдылығын арттыратынын айтады.

