Астанадағы мейрамханалар ит етін сатқан: қалай анықталды?

Астанадағы бірнеше танымал мейрамхана келушілерге ит еті қосылған тағамдарды ұсынған. Бұл туралы экология және ветеринария саласындағы мамандар анықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мамандар тексеру барысында тартылған фарш құрамынан ит етінің ДНҚ-сын тапқан. Зертханалық сараптама нәтижесінде бірнеше мейрамханадағы тағамдарда ит еті араласқаны расталды.

«Біз бірнеше нысаннан сынама алып, оларды сараптамадан өткіздік. Нәтиже күтпеген болды – ит етінің ізі табылды», – дейді мамандар.

Қазіргі уақытта тиісті органдар тексеру жүргізіп, заң бұзушыларды анықтауда. Мейрамханалардың қызметіне қатысты шара қолданылуы мүмкін.

Ұқсас жазбалар

Елорда күні елімізде 448 сәби дүниеге келді

Астана күнінде Қазақстанның перзентханаларында 448 нәресте дүниеге келді. Оның 223-і ұл, 225-і қыз.

Үндістандағы көшкін мен су тасқынынан 13 адам қаза тапты

Үндістанның Махараштра штатында нөсер жаңбырдан болған көшкін мен су тасқынынан 13 адам қаза тауып, 10…

14 облыста аптап ыстық күтіледі — Қазгидромет

«Қазгидромет» болжамынша, бүгін Қазақстанның 14 облысында қатты ыстық болады.