ЖСДП партияның бастауыш ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Конституциялық реформаға арналған талқылау өткізді

Жиынға Ақмола және Қарағанды облыстарынан, сондай-ақ Астана қаласынан бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты, халық талқысына ұсынылып отырған Конституцияның жаңа жобасына енгізілген өзгерістердің маңыздылығын түсіндіру, оған қатысты ұсынылған өзге де ұстанымдар бойынша пікір алмасу, сондай-ақ Ата Заң жобасын өңірлерде талқылау барысын пысықтау болды. Бұл өз кезегінде партия құрылымдарының қоғамдағы рөлін айқындай түсті.

Кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ЖСДП төрағасы Асхат Рақымжанов қатысушыларға ұсынылып отырған Конституция жобасы елдің болашақ дамуы мен қалыптасуына бағытталған жаңа бағдар екенін атап өтті. Сонымен қатар, партия төрағасы елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды әлемдік деңгейдегі «Социалистік интернационал» халықаралық саяси ұйымының толықтай қолдайтынын жеткізді. Айта кету керек, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – Қазақстандағы осы халықаралық саяси ұйымға мүше бірден-бір партия.

Жиын барысында қатысушылар Конституция жобасының негізгі бағыттарын, оның қоғамдық-саяси даму үшін маңызын, сондай-ақ әлеуметтік салаға, еңбек қатынастарына және мемлекеттік басқару жүйесіне ықтимал әсерін жан-жақты саралады. Ұсынылып отырған өзгерістерді терең әрі жан-жақты түсініп, оны қоғам мүшелеріне жүйелі түрде түсіндіру қажеттігі ерекше атап өтілді.

Қатысушылар азаматтардың Ата Заң жобасына бей-жай қарамауы керектігін айтып, өңірлік ерекшеліктер мен халықтың нақты сұраныстарын ескере отырып, алдағы уақытта азаматтардың талап-тілектерін заң аясында жүйелеу қажеттігі де сөз болды.

Диалог барысында ЖСДП өкілдері халық тарапынан келіп түсетін барлық өтініштер мен ұсыныстардың назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Сонымен қатар, Конституциялық реформа аясында «Халық Кеңесі» мен Құрылтайдың, сондай-ақ саяси партияның атқарып жатқан қызметінің барлығы халық мүддесіне бағытталған. Бұл бағыт Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасымен де үндес екені егжей-тегжейлі баяндалды.

Кездесу қорытындысы бойынша ЖСДП-ның бастауыш партия ұйымдары өңірлерде түсіндіру және пікірталас жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруға дайын екендерін растады.

Іс-шара іскерлік және конструктивті жағдайда өтіп, партия белсенділерінің Конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарын талқылауға белсенді қатысқанын нақтыланды.

ЖСДП баспасөз қызметі

 

 

 

Ұқсас жазбалар

8 мамырда Парламент палаталары бірігіп отырады: Қошанов өкімге қол қойды

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов 8 мамырда Парламент палаталарының бірлескен отырысын өткізу туралы өкімге қол қойды.

«Ордабасы» көш бастады: Премьер-лиганың 8-туры қорытындысы

Қазақстан Премьер-лигасының 8-турында «Ордабасы» көш бастап, «Астана» мен «Тобыл» екінші-үшінші орындарға тұрақтады.

Жаңа Конституция: Қазақстанның саяси жүйесі қалай өзгереді?

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституция елдің саяси жүйесінде ауқымды өзгерістер әкелетінін айтты.