БҚО-да төрт теміржол вокзалы заманауи стандарттарға сәйкес жаңғыртылуда

Сурет: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысында 2025 жылы төрт теміржол вокзалы заманауи талаптарға сай жаңғыртылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Нариман Төреғалиев хабарлады. Жобаның жалпы құны 8,1 млрд теңгені құрайды. Жаңартылған вокзалдар тұрғындар мен туристерге ыңғайлы инфрақұрылым мен сервистік қызметтер ұсынатын болады.

Айта кетейік, 2023–2025 жылдары облысқа «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы мен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 259 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат өңірдің инфрақұрылымын жаңарту мен жол құрылысына бағытталды. Биыл 86,8 млрд теңгеге жалпы ұзындығы 497 шақырым автомобиль жолының 459 шақырымы жөнделді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс орталығы мен оңтүстік аудандар – Казталов, Жәнібек, Бөкей Ордасы бағытындағы жолдар күрделі жөндеуден өтіп, 245 шақырым жолға 81,7 млрд теңге жұмсалды. Бұл көлік қатынасын айтарлықтай жақсартты.

Сонымен қатар, туристер үшін маңызды нысан саналатын республикалық маңызы бар «Хан Ордасы» мұражай-қорығына апаратын 21 шақырым жол да жаңартылды.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев инфрақұрылымдық жобалардың іске асуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі серпін беретініне назар аударды. Жаңартылған жолдар мен вокзалдар тұрғындар мен кәсіпкерлерге қатынасты жеңілдетіп қана қоймай, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыратын болады.

Ұқсас жазбалар

Сегодня в Казахстане отмечают День армейской авиации

Фото:gov.kz Сегодня, 29 декабря 2025 года, в Казахстане празднуется День армейской авиации. Профессиональный праздник ведёт…

Бүгін Қазақстанда Әскери авиация күні аталып өтуде

Сурет:gov.kz Бүгін, 29 желтоқсан 2025 жыл, Қазақстанда Әскери авиация күні мерекеленіп жатыр. Кәсіби мереке 1992…

БҚО-да спорт саласының үздіктері анықталды

Сурет:БҚО Әкімдігі Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жалын – 2025» атауымен үздік…