Categories Ақорда

Тоқаев: «Толық емес отбасыларға берілген жеңілдік – ажырасуды көбейтті»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында әлеуметтік саладағы қателіктерді сынға алды. Оның айтуынша, кезінде қабылданған кейбір шешімдер қоғамға теріс әсер еткен.

«Кезінде біздегі «әлеуметтік саланың жанашырлары» толық емес отбасыға берілетін жеңілдік түрін ойлап тапқан болатын. Соның салдарынан ажырасқан отбасылар саны күрт өсті. Бір кезеңде біз бұл көрсеткіш бойынша әлемде алдыңғы қатарға шығып кеттік. Мұндай мысалдар аз емес,» – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің сөзінше, әлеуметтік саясатта оңтайлы шешім қабылдаудың орнына, Үкімет көп жыл бойы әлеуметтік масылдық пен алаяқтыққа жол беріп келген.

«Отбасы мүшелерінің барлығы нысаналы әлеуметтік көмек пен жәрдемақы алатын болса, жұмыс істеудің не қажеті бар? Басқаша айтқанда, біз өзіміз жалқаулық пен масылдықты қалыптастырып алдық. Үкімет кемінде 15 жыл бойы осы қателікті қайталап келді,» – деді Тоқаев.

Президент әлеуметтік саясатты түбегейлі қайта қарау қажет екенін, қоғамды еңбекке ынталандыратын жаңа жүйе қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік амнистия жарияланды: 1 млн іс және 23 млрд теңге айыппұл

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік амнистия жарияланып, 1 млн іс пен 23 млрд теңге айыппұлды қамтиды.

Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесті

Мемлекет басшысы Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесіп, газ өңдеу саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

Премьер-министр Ташкент форумында Өзбекстан президентімен кездесті

Премьер-министр Олжас Бектенов Ташкент форумына қатысып, Өзбекстан президентімен кездесті. Сауда көлемі 4,8 млрд долларға жетті.