Астанадағы екі көшеге еуропалық атау беріледі

Сурет: Ашық дереккөз

Астана қаласының әкімдігі екі көшеге еуропалық атау беру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жобалық атауы Е754 болған көше енді София деп аталады. Бұған дейін Болгария астанасы Софиядағы бір көшеге «Астана» атауы берілген еді.

«Astana Arena» спорт кешені мен «Алау» мұз сарайы арасындағы атаусыз көше Марко Поло есімімен аталады. Бұл ұсыныс алғаш рет 2025 жылдың қыркүйегінде айтылған. Көше Тұран даңғылынан басталып, Қабанбай батыр даңғылына дейін жалғасады.

Қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді. Құжат 10 маусымда қабылданған.

Ұқсас жазбалар

Елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның көп жерінде ауа райы тұрақсыз болады.

Елімізде жүргізушілерді даярлайтын ұйымдарды бақылау күшейеді

Мемлекет басшысы цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша…

Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жаңбыр мен дауыл күтіледі

«Қазгидромет» 25 маусымға ауа райы болжамын жариялады: көптеген өңірде найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі.