Categories Жайық news

125 миллионның бизнесі үшін әйелін суға батырған: Павлодарда шулы іс бойынша сот үкімі шықты

Павлодар облысында 125 миллион теңгеден астам тұратын бизнесіне ие болу үшін әйелін қасақана өлтірген ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оқиға екі жыл бұрын болған. Тергеу материалдарына сәйкес, әйелі күйеуімен ажырасуды жоспарлаған. Бұл жағдайда барлық мүлік, соның ішінде табысты ЖШС (Жауапкершілігі шектеулі серіктестік) әйелдің атында қалатын болған. Бизнестен айырылып қалғысы келмеген ер адам оны табиғат аясына алдап шақырып, қайықпен серуендеу кезінде суға батырып жіберген.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындамады. Прокурор оны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрағанымен, сот 15 жылдық жазаны жеткілікті деп тапты.

Сот үкім шығару кезінде оның бұрын сотталмағанын және жұмыс орнынан алған жақсы мінездемесін жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерген. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада көпқабатты үйден 28 өрт сөндіру түтігін ұрлаған ер адам ұсталды

Астанада көпқабатты үйден 28 өрт сөндіру түтігін ұрлаған ер адам ұсталды. Күдікті кінәсін мойындады.

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала болды

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала атанды. Шэньянда өткен халықаралық конференцияда келісімге қол қойылды.

БҚО Қытай инвесторларына жаңа мүмкіндіктер ұсынды 

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қытайға іссапары аясында Ляонин провинциясының әкімшілік орталығы – Шэньян…