Зеленский: Ресей дрондарының Польшаға енуіне әлемдік лидерлер нақты әрекетпен жауап берген жоқ

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей дрондарының Польша әуе кеңістігін бұзғанына қатысты халықаралық серіктестердің әрекетін жеткіліксіз деп атады. Бұл туралы ол өзінің кешкі үндеуінде мәлімдеді.

> «Украина Польшаға қарсы іс-қимыл жасау үшін қажетті көмекті ұсынды. Егер ондаған дрон ұшып кірсе, жүздеген болмайды деп ешкім кепілдік бере алмайды. Тек біріккен еуропалық күштер ғана нақты қорғаныс бере алады. Біз технологиямен де, экипаждарды оқытумен де, барлау деректерімен де көмектесуге дайынбыз. Өкінішке қарай, қазіргі уақытқа дейін Ресейдің әрекетіне әлемдік лидерлер қатаң жауап берген жоқ — әрекетпен жауап берген жоқ», – деді ол.

Зеленскийдің сөзінше, Ресейдің дрондық шабуылдары тек Польшаға ғана емес, бүкіл Еуропа қауіпсіздігіне төнген сын-қатер болып табылады.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев МАГАТЭ басшысы Гроссиге «Достық» орденін табыс етті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гроссиді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл – атом…

20 жастағы студент Айсәуле Қанаха өлімі: алаяқтар 1,1 млн теңге аудартқан

Астанада 20 жастағы студент Айсәуле Қанаха өліміне алаяқтардың қатысы тексерілуде. Қыз өлгенге дейін 1,1 млн…

Мұғалімдер өз оқушыларына ақылы репетиторлық қызмет көрсете алмайды

Қазақстанда мектеп мұғалімдеріне өз оқушыларына ақылы репетиторлық қызмет көрсетуге тыйым салынады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі…