Categories Жайық news

Алматыдағы сұмдық: 13 жасар қызды АИТВ жұқтырған танысы зорлаған

Алматыда 13 жастағы жасөспірімді әкесінің танысы зорлап кеткен, ал күдіктінің өзі АИТВ жұқтырғаны белгілі болды. Қайғылы оқиға өткен жылдың 1 қыркүйегінде болған, алайда анасы қамауда отырғандықтан, бұл сұмдықты тек алты айдан кейін бір-ақ білген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жәбірленушінің адвокаты Ләззат Рақышеваның айтуынша, осы уақыт ішінде жасөспірімге қатты психологиялық қысым жасалған.

«Қызға күдіктінің туыстары, адвокаттары, тіпті өз әкесі де психологиялық қысым көрсетті. Оған ешқандай психологиялық көмек көрсетілмеген», – дейді құқық қорғаушы.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу амалдары толық аяқталып, іс материалы сотқа жолданды.

Ұқсас жазбалар

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР ТАБЫСТАЛДЫ  

7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай облыстық полиция департаментіне су жаңа 81 көлік берілді.…

ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ  

Аймақта алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия…