Categories Жайық news

Зеленский мәлімдеме жасады: Елдегі энергетика саласының жағдайы өте ауыр

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің жаппай соққыларынан кейін елдегі энергетика саласында төтенше жағдай туындағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Киевтегі ахуалға ерекше назар аударылып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ресей соққылары мен ауа райының нашарлауының салдары өте ауыр. Жөндеу бригадалары, энергетикалық компаниялар, коммуналдық қызметтер мен Төтенше жағдайлар қызметі электр қуаты мен жылуды қалпына келтіру үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Шұғыл шешімді қажет ететін мәселелер көп, – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Украина басшысының сөзінше, Киевтегі жағдайды үйлестіру үшін арнайы штаб құрылады. Ал елдің энергетика саласына төтенше жағдай режимі енгізілмек.

Сонымен қатар қажетті жабдықтар мен қосымша қолдау алу үшін Киевтің халықаралық серіктестерімен жұмыс күшейтіледі.

Бұдан бөлек, Зеленский үкіметке коменданттық сағат ережелерін қайта қарауды тапсырды.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…