Categories Саясат

«Әділет» партиясында ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілдерімен кездесу өтті

«Әділет» партиясы Саяси кеңес Бюросының мүшелері мүшелері Рауан Кенжеханұлы мен Гүлзира Атабаева Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) Сайлау департаменті директорының орынбасары Ульви Ахундлу және сол департаменттің аға кеңесшісі Елена Ковалевамен кездесті.

Басқосу барысында тараптар Қазақстандағы партиялық жүйенің дамуы, саяси ұйымдардың азаматтармен өзара қарым-қатынасы және партиялардың сайлау барысына қатысу мәселелерін талқылады.

Кездесуде Aманат партиясының «Әділет» партиясына қосылу барысы талқыланды. ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілдері аталған үдерісті іске асырудың ұйымдастырушылық және құқықтық аспектілеріне қызығушылық танытты.

Жиынға қатысушылар демократиялық институттарды одан әрі дамыту жолында ашық диалог пен тәжірибе алмасудың маңызын атап өтті.

Айта кетейік, 2026 жылғы 14 маусымда өткен «Әділет» партиясының II съезінде делегаттар «Aманат» партиясының «Әділет» партиясына қосылуын бірауыздан қолдаған еді.

 

 

Ұқсас жазбалар

Мәжілісте Черногория Президентімен кездесу өтті

Мәжілісте Палата спикері Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген Черногория Президенті Яков Милатовичті қабылдады. Бұл…

Амнистия-2026: миллионнан астам айыппұл кешіріледі, бірақ қауіпті қылмыскерлер босатылмайды

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева жаңа Конституцияға байланысты амнистияны қолдану тәртібін түсіндірді.

Астанада ТМД елдері қарулы күштері штаб бастықтарының отырысы өтті

Астанада ТМД елдері қарулы күштері штаб бастықтары комитетінің кезекті отырысы өтті. Жиынға сегіз мемлекеттің әскери…