Categories Әлем

ДДСҰ басшысы: Хантавирус тараған кемедегі жағдай бақылауда

Испаниядағы Тенерифе аралына тоқтаған «Hondius» кемесінде хантавирус өршіп, жолаушылар арасында дүрбелең туғызды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус жергілікті тұрғындарды сабырға шақырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кемеде бірнеше адамнан хантавирус анықталған. Жағдайды бақылауға алған ДДСҰ мамандары вирустың одан әрі таралуына жол бермеу үшін қажетті шараларды қолға алды.

«Хантавирус – бұл егеуқұйрықтар мен тышқандар арқылы жұғатын жіті респираторлық ауру. Адамнан адамға берілу қаупі төмен, сондықтан алаңдауға негіз жоқ», – деді Тедрос Аданом Гебрейесус.

ДДСҰ басшысы вирус жұқтырған науқастарды оқшаулап, кемені дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Қазіргі уақытта «Hondius» кемесі карантинге алынған.

Ұқсас жазбалар

Еуропада өте қауіпті жұқпалы инфекция жаппай тарай бастады

Еуропада адам өміріне қауіп төндіретін жұқпалы инфекция кеңінен таралуда.

Бішкек тұрғындарына үш күнге қаладан кету ұсынылды

Қырғызстан Президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов Бішкек тұрғындарына 30-31 тамыз және 1 қыркүйек күндерін Ыстықкөлде…

Қазақстан БҰҰ-да мемлекеттік қызметті цифрландыру тәжірибесімен бөлісті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай БҰҰ-да Қазақстанның мемлекеттік қызметті цифрландыру тәжірибесін таныстырды.