Categories Жайық news

Жамбылдағы сарбаз өлімі: ІІМ рота командирінің ұсталғанын растады

Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметшінің қазасына қатысты №21450 әскери бөлімі ротасының командирі ұсталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігі ресми сауалға берген жауабында растады. Ведомствоның мәліметінше, 29 қаңтарда ІІМ Әскери-тергеу департаменті Қорғаныс министрлігі әскери бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы («Қызметке салғырт қарау») бойынша соталды тергеуді бастаған.

«Соталды тергеу барысында әскери бөлімнің рота командирі ұсталды. Сот оған қатысты әскери қызметшіні әскери бөлім басшылығының бақылауына беру түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», – делінген ІІМ жауабында.

Бұған дейін рота командирі Аманкелді Құсайыновтың әпкесі мен әскери қызметші Аяулым Отарова редакцияға хат жолдап, офицерді қудалау негізсіз деп санайтынын мәлімдеген. Олардың пікірінше, командирдің іс-әрекеті мен қайғылы оқиға арасында ешқандай байланыс жоқ. Сондай-ақ Аяулым Отарова өзіне және кәмелетке толмаған бес баласына қысым көрсетіліп жатқанын айтқан.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

6 шілдеде батыс өңірлерде аптап ыстық күтіледі

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Батыс өңірлерде 35-40 градус…

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…